Астанада 9-наурыздан бастап бокстан ұлттық әйелдер командасының жиындары өтуде. Еліміздің құрамасына астаналық команданың спортшы қыздары көмектесуде. Жаттығулар 22-наурызда аяқталады, бірақ Наурыз мейрамын өз отбасымен бірге тойлауға спортшылардың бәрі бара алмайды, үш спортшы – Назым Қызайбай, Назым Ищанова және Дариға Шәкімова Астанадан бірден Қытайға, олимпиадалық лицензияларды жеңіп алуға аттанады. Жиындар барысындағы күн тәртібі туралы команданың аға жаттықтырушысы Вадим Присяжнюк әңгімелеп беруде: - Таңғы жеті жарымда төсектен тұру, сап түзеу, таңертеңгі жаттығу, таңғы ас. Бірінші жаттығу сағат 10.30-да басталады. Жүгіру немесе жаттықтырушымен залда…